Жалағаш ауданында болды

556

0

Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязов ауданда жұмыс сапарымен болып, Мақпалкөл елді мекеніндегі шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

С.Қожаниязов аудан әкімі А.Есжанов және шаруа қожалықтың төрағасы Ә.Бекжановпен аудан бойынша егін орналастыру жұмыстары мен «Ер-Әлі», «Құрманбай ата» шаруа қожалықтарының егісі туралы пікірлесті.

Бүгінде «Ер Әлі» шаруа қожалығы 31 гектардан астам жерге картоп, сәбіз, қызылша өнімдерін еккен. Ал, «Құрманбай ата» шаруақожалығының алма бағында 5 түрлі алма сорты егілген. Алынған өнімдер Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалаларына сатылады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, сұраныстағы өнімдерді өзімізде өсірудің маңыздылығын атап өтті. Өнім көлемін арттыру үшін қажетті қолдаудың да көрсетілетінін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<