Жалағаш ауданынба қап шығаратын зауыт іске қосылды. Ашылғанына көп болмаса да зауыт өніміне сұраныс бүгінде жоғары. Отандық өнімнің әлеуетін арттырғысы келетін кәсіп иелерінің басты мақсаты – сырттан келетін тауарларды ығыстырып, өнімнің қолданыс аясын кеңейту.
Аталмыш зауытты жергілікті кәсіпкер Рүстем Құдабай «Ауыл аманаты» жоба аясында жүзеге асыруда. Бұл кәсіпті бастау үшін алдымен «Құдабай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, өндіріс саласымен жеңілдетілген 2.5 пайызбен несие алып, бүгінде табысты жұмыс атқаруда.
Қазіргі таңда зауыт негізгі ауыл шаруашылығы өндірушілердің сұранысына сәйкес әр түрлі пішінде қаптарын дайындауда. Өндіріс ошағы күніне 10 мың қап тоқуға әлеуеті жетеді. Аталған цех арқылы Рүстем бүгіндғ 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<