Жалағаш ауданында жаппай сенбілік өткізілді

203

0

Фото: Жалағаш ауданы

Бүгін Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылды. Тазалық акциясына аудан бойынша меншік нысанына қарамастан барлық 68 мекемеден 1100-ге жуық адам қатысып, 12 техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында көшелер мен саябақтарда тазалау жұмыстары жүргізіліп, қураған талдар кесілді, сондай-ақ аяқ су жүретін арықтар тазартылды. Нәтижесінде 10,5 тоннаға жуық күл-қоқыс белгіленген орындарға шығарылды.

Жиналған қоқыстарды шығару үшін кент және ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтарынан техника тартылды.

Жалағаш кентінде аудан әкімі, мәслихат төрағасы және зиялы қауым өкілдерімен бірге саябақтар мен аллеялар тазартылып, ағаштар отырғызылды. Бұл шара табиғатты қорғау мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Таза әрі көгалдандырылған аймақ – бәріміздің ортақ үйіміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<