Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылдың 11 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасты.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 13,6 пайызға артып, 34 млрд 692 млн теңгенің өнімі өндірілді.
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8,5 пайызға артып 17 млрд. 828 млн теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 31 870,9 млн теңгені құрап, 104,3 пайызға орындалды.
Тұрғын үй көлемі 24 509,0 шаршы метр болатын 158 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 120,8 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 3 449,8 млн теңге болып, 101,9 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 173,6 пайызға орындалып, 9 млрд 137,0 млн теңгені құрады.
«Биылғы жылға межеленген экономикалық өсімнің жоспары қатаң бақылауға алынып, сапалы орындалуы тиіс. Облыстық басқарма, департаменттермен тығыз байланыста болып, нәтижелі жұмыс жасаңыздар», – деді, аудан әкімі Ардақ Ибраимов.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін жоспарланған қаржыларды 100 пайызға орындап, дебиторлық және кредиторлық берешектерге жол берілмеуін қамтамасыз ету қатаң тапсырылды.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<