Жалағаш ауданының Құрмет грамотасы табысталды

151

0

Фото: Жалағаш ауданы

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуынан зор үлес қосып жүрген кәсіпкер Құлшыбай Роза Халыққызын қабылдады.

Қабылдауда аудан әкімі Ардақ Ибраимов Роза Халыққызын зейнеткерлік жасымен құттықтап, ауданның ең жоғары наградасы Жалағаш ауданының Құрмет Грамотасымен марапаттады.

«Халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп, жаңа кәсіпкерлік бастамалармен туған жердің дамуына зор үлес қосып келесіз.

Дамыған жаңа қоғамның бүгінгі көшінен қалмай, мықтылармен иық тірескен қарым-қабілетіңіз көпке үлгі деп білемін»,-деді аудан әкім Ардақ Ибраимов.

Құлшыбай Роза Халыққызы 1963 жылы 4 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүние келген. 1970-1980 жылдар аралығында Жалағаш кентіндегі №246 орта мектепте білім алған. 1980-1986 жылдары шымкент қаласындағы Қазақ хим технологиялық институның инженер технолог мамандығын тамамдаған. Еңбек жолын 1986-2000 жылға дейін АТП мекемесінде түрлі қызметтер атқарған. 2000 жылдан осы уақытқа дейін сауда саласында қызмет атқарып келеді.

Жалағаш ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<