Жалағашта аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

540

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов балғын бүлдіршіндерге арналған Жаңа жылдық шыршаға қатысып, жас буынға ыстық лебізін білдірді.

Балалар үшін асыға күткен жаңа жылдық мереке жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып ертегілер әлемі сынды аудандық оқушылар Үйінде өтті. Аудан бойынша көп балалы отбасының балалары, ерекше жағдайдағы балалар мен білім, өнер, спортта жетістікке қол жеткізген талантты да дарынды оқушылардан барлығы 50 бала салтанатты шараның куәсі болды.

Қызықты кешке жиналған балалар Жаңа жылдық шыршаның басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, керемет сыйлықтарға ие болды. Ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдық көріністер мерекенің көрігін қыздырып, қатысушыларды ерекше әсерге бөледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<