Жалағашта дзюдодан жасөспірімдер арасындағы XXV республикалық турнирдің ашылуы өтті

371

0

Фото: Жалағаш ауданы

Бүгін Жалағаш кентіндегі Руханият орталығында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған дзюдодан 2008-2009 ж.т. жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Турнирге Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Астана, Шымкент, Қызылорда қаласы және аудандардан келген 25 команда, жалпы саны 350-ге жуық спортшы 9 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасуда.

Турнирдің ашылу салтанатына Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқарма басшысының орынбасары Жігер Айекешов, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Мөрәлі Шәменовтің ұлы Атамұрат Шәменов қоғам қайраткерінің ұрпаққа қалдырып кеткен өшпес мұрасы жайында айтып, елдің дамуына қосқан үлесін баяндады.

Іс-шара барысында әр жылдары М.Шәменов атындағы турнирге қатысып, бүгінде елі мақтанар Азия және Әлем чемпиондары атанған Мағжан Шамшадин, Нұрлыхан Шархан, Абылайхан Жұбаназар, Жақсыбек Жеңісбек сынды спортшылар және жасөсіпірмдер арасында Азия чемпионы, Евразия ойындарының жеңімпазы, жасөспірімдер арасында тұңғыш Әлем чемпионы, жасөспірімдер арасында тұңғыш олимпиада ойындарының жеңімпазы Бауыржан Жауынтаев спортшыларға ізгі лебізін білдірді.

Ашылу салтанатын жарыстың бас төрешісі, Халықаралық дәрежедегі төреші Төленов Қайрат қорытындылап, спортшыларды, қатысушы қонақтарды жарыс ережесімен таныстырды.

Әрі қарай спорттық шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас дзюдошылардың жекпе-жегімен жалғасты.

Айта кету керек, жарыс нәтижесінде жүлделі орындарды иеленген спортшылар Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат атағын алады.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<