Жалағашта Конституция күні аталып өтті

606

0

Жалағаш ауданында Конституция күніне орай салтанатты шара өтті. Аудан әкімі Асқарбек Есжанов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

– Конституциямыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, ол кемел келешектің кепілі.
Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық. Ата Заң тек қана міндеттер мен талаптар жиынтығы емес, ол күллі халқымыздың ортақ мүдде, бір Отан ұғымын білдіретін басты құжат.
Ата заң аясында қазақ халқының ұлттық намысы мен қадір қасиеті оянып, орнықты, рухани құндылықтарымыз қайта оралды. Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлеріміз мен төл мәдениетіміздің дамуына кең өріс ашылды, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Мерейлі мерекеге орай ішкі істер органдарының ардагерлері Қазақстан Полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік медальмен, бірқатар сала қызметкерлері аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.

Шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<