Жалағаш кентіндегі №153 референдум учаскесінде Ауған соғысының ардагерлері республикалық референдумда дауыс беріп, елдік іске белсенді қатысуда.
Ел тәуелсіздігі мен тыныштығы жолында қызмет еткен ардагерлер бұл жолы да азаматтық ұстанымдарын танытып, мемлекет болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмайтындарын көрсетті.
Ардагерлердің айтуынша, мұндай маңызды кезеңде әрбір азаматтың пікірі мен таңдауы ерекше мәнге ие.
«Бұл – ел болашағына бастайтын маңызды қадам. Сондықтан әрқайсымыздың дауысымыз маңызды деп есептейміз», – дейді ауған соғысының ардагерлері. Олар кемел келешек үшін жасалып жатқан игі бастамалар жалғасын табатынына сенім білдірді.
Елдің тыныштығы мен тұрақтылығын жоғары бағалайтын ардагерлердің белсенділігі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Олардың қоғамдық маңызды шараларға қатысуы қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.





