Жалағаштық сақшы жігіттің ерлігі (видео)

1007

0

Бүгін, жергілікті уақытпен сағат түскі 12 шамасында Жалағаш аудандық ПБ Жергілікті Полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ержан Абдраманов суға батып бара жатқан 25 жастағы азаматты құтқарып қалды.

Оқиға жайлы білетіндердің айтуынша, полиция майоры Абдраманов Ержан күн түс әлетінде қызмет бабымен Сырдарияның сол жағалауындағы елді мекендердегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын тексеру мақсатында жолға шыққан.Сырдария өзенінің оңтүстік бетіне өткеннен кейін «Солтүстік коллектор» аталатын қашыртқы суға арналған үлкен канал бар. Оқиға осы каналдың Жалағаш-Аққыр авто жолына салынған көпірдің ық бетінде орын алған.

Ержан Абдраманов – 34 жаста. Отбасылы, 4 баланың әкесі. Полиция қызметінде 10 жылдан бері қызмет етіп келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<