Жалағаштық «Ұлағатты аналар» республикалық байқауда бас жүлдені иеленді

118

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Алматы қаласында өткен «Өнерлі елдің өресі биік» атты республикалық ата-апалар өнер байқауында Жалағаш ауданының атынан қатысқан «Ұлағатты аналар» ансамблі зор жетістікке қол жеткізді. Байқауға еліміздің әр өңірінен өнерлі аналар мен ата-апалар ұжымдары қатысты.

Республикалық деңгейдегі байқауда «Хормен ән салу», «Бата беру», «Сән көрсету» номинациялары бойынша өнер көрсеткен жалағаштық аналар жоғары орындаушылық шеберлігімен ерекше көзге түсіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Өнер мен руханиятты ұлықтап, ұлттық мәдениетті ұрпаққа үлгі ету жолында еңбек етіп жүрген «Ұлағатты аналар» ұжымы облысымыздың намысын абыроймен қорғап, бас жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, «Ұлағатты аналарымыз» 2026 жылдың 3 мамырында Республика сарайында өтетін концертке шақырту алды.