25 қазан – Республика күні және «Алтын күз – 2025» мерекесіне орай Жалағаш кентіндегі жаңғыртылған орталық стадионда мерекелік шаралар кең көлемде ұйымдастырылды.
Түске дейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, жергілікті өнімдер халыққа төмендетілген бағамен ұсынылды. Сондай-ақ, мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өткізіліп, патриоттық рухты көтеретін шаралармен жалғасын тапты.

Мұнан соң ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген озат еңбеккерлер мен сала мамандары марапатталды.
Мерекелік кештің көркін театрландырылған көріністер, ұлттық би және жергілікті өнерпаздардың әсем әндері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңы мерекелік гала-концертпен қорытындыланды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






