Жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

466

0

фото: gov.kz

2022 жылы қазақстандықтардың табысы 17 пайыз өскен деп хабарлады turkystan.kz.

2022 жылдың үшінші тоқсанында халықтың табысы 245,5 мың теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға артқан. Бұл туралы finprom.kz сайты хабарлады.

Ең көп табыс Астана тұрғындарында тіркелген. Елордалықтар жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңге. Бұл былтырмен салыстырғанда 15,7 пайызға көп.

Екінші орында 332,3 мың теңге табыспен Қарағанды облысының тұрғындары тұр. Олардың табысы бір жылда 21,4 пайызға артқан.

Үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндейді. Мұнда тұрғындар орта есеппен 312,7 мың теңге жалақы алады, Жылдық өсім – 31,8 пайызды құрайды.

Ең төменгі табыс Түркістан облысында тіркелген. Жан басына шаққанда айына орта есеппен небәрі 156,4 мың теңге табады. Былтырғымен салыстырғанда 15,6 пайызға көп. Бірақ Қазақстан Республикасы бойынша орташа көрсеткіштің үштен бірінен аз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<