Жалғыз басты анаға көмек көрсетілді

1054

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторы және «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» акциясы өтті.

Аталмыш акция аясында қордың облыстағы өкілі Оңталап Тасболатұлы мен сектор жетекшісі Айтжан Мұсаұлы жалғыз басты анаға 160000 тг көлеміндегі қаржылай көмек сертификатын тарту етіп, ерікті жамағаттың аманатын табыстады.

Осылайша мұқтаж жандарға қолдау білдіру мақсатында бастау алған «Жүрек жылуы» Сыр имамдарының ұйытқы болуымен жабырқаған жүректерге жылу сыйлауын жалғастыруда.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<