Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі

678

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ашраф Жүсіпов жалпыға бірдей декларациялау туралы баяндады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталды. Үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары) 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін декларация ұсынуға міндеттелген. Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ «App Store» немесе «Play Market»-тен арқылы «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» мобильді қосымшаларын жүктеу арқылы тапсыруға болады.

– «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы» (250.00-нысан) жеке тұлғалардың ҚР-ның шегінен тыс жерлерде жылжыйтын, жылжымайтын мүліктердің, банктік шоттардың, ҚР-дағы және (немесе) одан тыс жерлердегі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық, жеке тұлғаның екінші деңгейлі банктен бөлек дебиторлық және кредиторлық берешектерін көрсетуге және бағалау құны айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс еткен жылдан кейінгі жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) табыс етеді», – деді Ашраф Шағдатұлы.

ҚР-сының Салық кодексінде белгіленген мерзімде жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы және жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациясын ұсынбаған жағдайда алдын ала ескерту беріледі. 1 жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Айта кету керек, 2025 жылдан бастап азаматтардың барлық санаттары декларация тапсыратын болады. Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жеке тұлғалар 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан кеңес ала алады.

Қызылорда қаласының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<