Жамбыл облысында 2,5 ай бұрын жоғалған жігіт Қызылордадан табылды

164

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылорда облысының полицейлері екі жарым ай бұрын із-түзсіз жоғалған жамбылдық азаматты отбасымен қауыштырды, деп хабарлайды Syrboyi.kz Қазақпарат ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қала орталығында тоқтатқан ер адамның жеке басын анықтайтын құжаты жоқ екендігі анықталды.

— Полиция қызметкерлері азаматты тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына орналастырды. Одан кейін дереу жақын туыстарын іздеуге кірісті. Тексеру барысында аталған азаматтың екі жарым ай бұрын Жамбыл облысы, Қордай ауданында із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды. Бұл жөнінде аудандық полиция бөліміне хабарлама келіп түскен. Ер адам үйінен шығып, қайта оралмаған. Қызылордалық полицейлер жоғалған азаматтың отбасымен қауышуына жағдай жасады, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<