Жамбыл облысында екі ер адам аялдамада тұрған 13 жасар қызды ұрламақ болған

5

0

Фото: freepik.com

Жамбыл облысында 13 жастағы қызды ұрлауға әрекет жасады деген күдікпен екі адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, олар 13 жасар қызды ұрламақ болған. 

«Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында 13 жастағы қызды ұрлауға әрекет жасады деген күдіктілерді ұстады. Полицияға екі белгісіз адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрлауға тырысқаны туралы хабарлама түскен. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Балалардың қауіпсіздігіне қол сұғудың кез келген фактісі ерекше бақылауда болады және қолданыстағы заңнама аясында ең қатаң түрде тоқтатылады», – деп қорытындылады полиция өкілдері.