Жамбыл облысындағы оқушы өлімі: мектеп басшылығы түрмеге тоғытылады

347

0

Сурет: primeminister.kz

Жамбыл облысында дәретханада өлтірілген оқушы оқиғасына қатысты мектеп басшылығына түрме жазасы кесіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 мамырда «КТК» телеарнасы хабарлағандай, тергеу мәліметтері бойынша, директор мен орынбасарлары және тағы бірнеше мұғалім төтенше жағдайды жасыруға тырысқан. Олар оқушыларды оқиғаның бұрмаланған түрін айтуға мәжбүрлеген.

«Қайғылы оқиға Құмжота ауылындағы мектепте сабақ кезінде болған. Физиканың орнына сегізінші сынып оқушылары дене шынықтыруға жіберілген. Қайтыс болған 14 жасар Мирастың ата-анасы олардың ұлын орта мектеп оқушысы дәретханада ұрып өлтіргеніне сенімді. Бірақ оқиғаның куәгері болған оқушылар алдымен баланың өзі кездейсоқ құлап, қайтыс болғанын айтты», – делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы оқушының жүрек тұсынан қатты соққы алып жан тапсырғанын анықтаған. 15 жастағы күдікті ұсталды. Енді сот алдында мектеп басшылығы мен педагогтар де жауап береді.

«Іс жүзінде мектеп әкімшілігі тарапынан бұл қылмысты жасыруға әрекет жасалғаны анықталды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы бойынша СДТБТ-да тіркелген. Осы баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», – деді Жамбыл облысы прокурорының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға көмекшісі Шовкат Таштамиров.

Бұған дейін Жамбыл облысында көше дәретханасында оқушы соққы әсерінен қайтыс болғаны хабарланған болатын. Болған оқиға туралы Facebook-те журналист Данияр Әлімқұл жазды. Оның айтуынша, Байзақ ауданының Құмжота ауылындағы Алтынсарин мектебінде дәретханада тоғызыншы сынып оқушысы сегізінші сынып оқушысын ұрып тастаған. Нәтижесінде жасөспірім қайтыс болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<