Жаңа анестезия түрі енгізілді

509

0

Фото: облыстық перинаталдық орталық

Мәскеу қаласынан тәжірибе алмасып қайтқан анестезиолог-реаниматолог Еспенбетова Майра Маруқайқызы Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында анестезияның жаңа әдісі – «Тар блок» енгізді.

«Тар-блок» – бұл босану кезінде анаға барынша жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аймақтық анестезияның заманауи әдісі.

«Кесар тілігінен кейінгі науқасты жылдам аяққа тұрғызу» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында перинаталдық орталықта жаңа қызмет – құрсақ қуысының көлденең блогы (блокада поперечного пространства живота) енгізілді.

«Тар-блоктың» артықшылықтары:

– операциядан кейінгі алғашқы кезеңде (бірінші күні) максималды жайлылықты және жылдам қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

– ауырсынуды басатын және онымен байланысты жанама әсерлердің санын азайтады;

– баланы ерте емізуге мүмкіндік береді;

Ауруды басудың бұл түрін орындаған кезде топографиялық анатомияны, ине позициясын анықтау және асқынулардың алдын алу үшін ультрадыбыстық навигация қолданылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<