Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кенті орталығынан бой көтерген «Ботақан» сауда және балалар ойын сауықтыру орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Аудан тұрғындарына қолайлы және тиімділігі жоғары жаңа бастаманың негізгі жұмыстары аяқталып, аудан халқына сапалы қызмет көрсетуге дайын.
Кәсіпкер Еркебұлан Каиповтың бастамасымен бой көтерген «Ботақан» сауда және балалар ойын сауықтыру орталығының жоба құны 200 млн.теңгені құрайды.
Жаңа нысанның әр қабаты балалар ойын алаңы, сауда орны, тамақтануға арналған орын секілді түрлі мақсатқа бағытталып, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<