Жаңа кәсіпкерлік нысан іске қосылды

476

0

Сурет Фейсбук парақшасынан алынды

Қармақшы ауданында қызмет көрсету саласы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде тез дайын болатын фастфуд тағақ түрлерін дайындап сатумен айналысатын жеке кәсіпкер М.Сыдықовтың «ММ Бургер» дәмханасы 2020 жылдан бері халыққа қызмет көрсетуде.

Бүгінгі күні, бұл кәсіп түрі жергілікті тұрғындардың көңілінен шығып, жеке кәсіпкер кәсіп өрісін кеңейтіп, Жосалы кенті, А.Иманов көшесінен заманауи үлгідегі, халыққа қолжетімді бағада ұсынылатын әртүрлі тез дайындалатын тағамдар түрлерін дайындайтын «ММ Китчен» дәмхана құрылысын 2021 жылдың күз айынан бастап, бүгінгі күні барлық құрылыс жұмыстарын аяқтап, халық игілігіне өз қызметін ұсынып отыр.

Жеке кәсіпкер М.Сыдықов өз қаражысы есебінен дәмхана құрылысына 20,0 млн теңге көлемінде қаржы жұмсады. Жоба бойынша 10 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Алдағы уақытта, жеке кәсіпкер жоспар бойынша осындай үлкен жобаларды жүзеге асыру өз жағасын таба беретінін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<