Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының сол жағалауында салынып жатқан 300 төсек орындық көпбейінді аурухананың құрылысына мониторинг жүргізді.
Бұл – өңірдегі ең ауқымды денсаулық сақтау жобаларының бірі. Ауруханада онкологиялық бөлімше мен 100 келушіге арналған емхана қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталған. Қазір нысанда 10 блок бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қабырғалар мен бағандар орнатылып, іргетастар мен бетондау жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Бас мердігер – «Мелиоратор» ЖШС-і өкілдері 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз дейді.
Мониторинг жұмыстары барысында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов мердігерлерге құрылыс сапасы мен мерзімінде аяқталуы аймақ басшысының да, «AMANAT» партиясының да тікелей бақылауында екенін айтып, нысаның сапалы болуына тапсырыс беруші, мердігер, техникалық бақылаушы, жобалаушы, мемлекеттік сараптамашы да барлығы жоғары жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.

Зерделеу жұмыстарына облыстық құрылыс сәулет және қала құрылысы басқармасы, облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік инспекциясы басшылары мен аталған нысанға жауапты мамандар мен техникалық сарапшылар тобы қатысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<