Жаңа қызметке шығарып салды

3

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте әріптестері облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымын абыроймен атқарған Олжас Ысқақовты республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының басшысы қызметіне шығарып салды.

Аймақ басшысы Олжас Ермек­ұлы­ның адал қызметі мен салаға сіңірген еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді.

– Әріптесіміз Санжар Асфен­дияров атындағы Қазақ ұлттық медицина универ­ситетінде «Емдеу ісі», Қара­ған­ды Қаз­тұ­тынуодағы уни­верситетінде «Құ­қық­тану» мамандықтары бойынша білім алған. «Ден­саулық сақтау ме­недж­­­менті» маман­дығы бойынша іскер­лік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын облыс орта­лығындағы №3 қалалық емхананың аймақтық тера­певт дәрігері болып бастап, осы ем­ха­наның бө­лім меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жө­нін­дегі орын­басары қызмет­терін атқарған.

Әр жылдары облыстық ден­саулық сақтау басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Денсаулық сақтау министрлігінің бас­қарма басшысы, департамент дирек­торының орын­басары болған.

Олжас Ермекұлы денсаулық сақтау саласын басқарған кезеңде нақты әрі жүйелі қадамдар жасап, елеулі нәти­желерге қол жеткізді. Соңғы 3 жылда облыста жалпы өлім-жітім 5,6 пайыз, ана өлімі 12 есе, сәби өлімі 37 пайыз, тубер­кулезден аурушаңдық көрсеткіші 11,6 пайыз, өлім-жітім көрсеткіші 9 пайыз, қанайналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 19,6 пайыз төмендеді.

Бұған дейін орталықта қызмет атқарып, кәсіби біліктілігі мен ұйым­дас­тырушылық қабілетін та­нытқа­нының арқасында Ден­саулық сақтау ми­нистрлігімен тығыз бай­ланыс орнатты, бірқатар жобаның табысты жүзеге асуына ықпал етті, –деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында денсаулық сақтау сала­сының ардагері, Қызылорда облы­сының құрметті азаматы Тұрғанбай Маханов пен сала ардагері Абдулла Шүленбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бас­қарма төрағасы-ректоры Наурызбай Бай­қадамов ізгі тілектерін жеткізді.

Олжас Ермекұлына «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Өз кезегінде Олжас Ысқақов әріп­тестеріне алғысын, туған жердің өсіп-өркендеуіне тілектес­тігін білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі