Қызылорда облысының аумағында жалпы алаңы 205,1 мың ш.м. құрайтын, 5 600 сауда орны бар 28 базар тіркелген.
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халқының саны бір жүз мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаланың аумағында әмбебап сауда базарлары стационарлық сауда объектілер қатарына көшірілуі тиіс.
Осы орайда, Қызылорда қаласындағы жаңғыртылуы тиіс «Сыбаға», «Сұлтан» және «Асбол» сауда базарлары аумағынан салынатын жалпы құны 9 млрд теңгені құрайтын жаңа сауда үйлерінің экскиздік жобалары әзірленді.
Сауда базарларын жаңғырту жұмыстары 2024 жылы толығымен аяқталып, іске қосу жоспарлануда.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<