Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында облыста, аудан орталықтарында, кент және ауылдарда спорттық инфрақұрылымдарды дамытып, жаңа футбол стадиондарын салуды қолға алу керектігін айтқан болатын.
Осы ретте бүгін басқарма басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы «Хабар» телеарнасына Қызылорда қаласының сол жағалауында салынып жатқан 11 мың орындық Жаңа стадион туралы сұхбат берді.
2024 жылдың мамыр айында облыс әкімінің қатысуымен құны 20,9 млрд.теңгені құрайтын халықаралық стандарттарға сай жаңа стадионның іргетасы қаланған болатын.
Өңір халқының сұранысына сай салынып жатқан жаңа ғимаратта бокс, күрес, жаттығу залы, ауыр атлетика, футболшылардың жаттығу залы, йога, гимнастика-акробатика, сауықтыру-денешынықтыру залдары қамтылатын болады.
Стадионның тағы бір ерекшелігі – УЕФА классификациясы бойынша – ІІІ санатты.
Жаңа ғимаратта футболдан бөлек бірнеше олимпиадалық спорт түрлеріне айрықша басымдық берілетін болады.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<