Жаңа судья қызметке кірісті

851

0

ҚР Президентінің Жарлығымен Сырдария аудандық сотының судьясы лауазымына Дәурен Ералиевтің тағайындалуына орай өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудан прокуроры А.Кемалов, аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов қатысты.

Айту керек, аудандағы актив отырысынан бұрын Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышевтың төрағалық етуімен жалпы отырыс өтті. Жалпы отырысқа облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қамбар Жұмабайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №906 Жарлығымен Сырдария аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Даурен Еркінұлы Ералиевті таныстырды.

Жаңадан тағайындалған судья ант беру рәсімінен соң қызметіне кірісті.

Дәурен Еркінұлы 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Осыған дейін ОҚО Мақтаарал ауданына қарасты Мырзакент әкімі аппаратының бас маман-заңгері, Түркістан облысының Мақтаарал аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы қызметтерін атқарған.

Судьяның жұмысына аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, еңбек ардагері М.Елеусінов сәттілік тілеп, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру бағытында жемісті еңбек ететініне сенім білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<