Жаңа техникалар табысталды (видео)

460

0

Бүгінгі таңда облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен аймақтағы орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығая түсуде.

Аталған жұмыстарға облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, өрт сөндіру автокөліктері, арнайы мотоциклдер, патрольдік автокөліктер және байланыс құралдары сынды техникалар мен қажетті құрал-жабдықтар алынуда. Мәселен, «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» 10 дана мотоциклмен толықтырылды.

Алдағы уақытта жаңа техникалардың көмегімен орман қорларын аралап, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұған қоса орман өрттері және орман заңдылығын бұзудың алдын алу мақсатында жаңартылған құрал-жабдықтар өз септігін тигізетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<