Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістен кейін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнаманы іске асыру мәселелеріне арналған жиын өтті.
Еске салсақ, 2024 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға қол қойған болатын. Бұл заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Оның басты мақсаты – мемлекеттік сатып алулардың сапасын арттыру, бірыңғай платформа құру және «Қоғамдық мониторинг» институтын енгізу арқылы ашықтықты қамтамасыз ету.
Жиын барысында аудан әкімі салалық мамандардың біліктілігін арттыру үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізілетін қаржылық операциялардың қауіпсіздігі мен ашықтығын қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға жаңа заңнаманың талаптарын мұқият зерделеп, оның орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Қармақшы ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<