Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілісте облыс әкімдігімен бекітілген өңірлік жұмыспен қамту картасының негізгі бағыттары талқыланды.
Мәжіліс барысында 2025 жылға арналған аудан бойынша жаңа жұмыс орнын құру міндеті қойылғаны атап өтілді. Бұл көрсеткіш 10 мың адамға шаққанда 100 жұмыс орнын ашу тапсырмасының аясында жүзеге аспақ.
«Жоспарланған жұмыстар уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс. Бұл бағытта барлық салалық бөлімдер нақты нәтижеге жұмыс істеуі қажет», – деді А.Ибраимов.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына бекітілген жоспарды орындау бойынша нақты тапсырмалар беріп, жұмыстың жүйелі түрде үйлестірілуі қажеттігін ескертті.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






