Жаңа жыл мерекесінде 9 сәби дүниеге келді

638

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысында жаңа жыл мерекесінде 9 сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айгүл Төлегенова хабарлады.

– 1 қаңтар күні сағат 00:00-ден таңғы 06:00-ге дейін облыс бойынша жалпы саны 9 нәресте дүниеге келді. Жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің 4-і облыстық периниталдық орталықта туылса, қалған 5-і облыстық деңгейіндегі босану бөлімшелерінде дүниеге келді. Дүниеге келген сәбилердің 5-і ұл, 4-і қыз бала. Қазіргі таңда олардың жағдайлары жақсы, дәрігерлердің тұрақты бақылауында, – деді Айгүл Асылбекқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<