Жаңа жыл қарсаңында жүйелі жұмыс атқарған

553

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңа жылдық мереке күндері коммуналдық қызметтер мен төтеншеліктердің жұмысы қызу болады. Олар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, коммуналдық қызметтердің толық берілуін қадағалайды. Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мереке күндері 24/7 жұмыс істеген сала өкілдері келіп, қауырт тіршіліктің қорытындысын баяндап өтті.

– Мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істедік. Барлық қызметкерлер халық көп шоғырланатын аумақта рейдке шығып, кезекшілік ұйымдастырды. Осы күндері техногенді сипаттағы 9 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, біздің департаментке 16 шақырту келіп түсті. Шақырту барысында есігі құлыпталып қалған пәтер ішінен 2 жасөспірім құтқарылды. Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 4 адам ауруханаға жеткізілді. Облыс және аудан орталықтарында орналастырылған шыршаларға кезекшілік ұйымдастырылды. Онда оқыс оқиғалар тіркелген жоқ, – деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Исабек Досжан.

Ал, 31 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 – Бірыңғай байланыс орталығына тұрғындар тарапынан 600 өтінім келіп түскен. Өтінімдердің барлығы тиісті салаға жолданып, дер кезінде қолға алынған.

– Келген хабарламалардың басым көпшілігі коммуналдық қызметтерге байланысты болды. Атап айтқанда. электрмен жабдықтау бойынша – 146, су жүйесі бойынша – 84, жылу жүйесі бойынша – 53, табиғи газ бойынша – 56, көше жарығы бойынша – 22, қала тазалығы бойынша – 8, ветеренарлық қызмет бойынша – 5, қоғамдық көлік қызметіне байланысты – 4, анықтамалық бойынша – 202 хабарлама келді.  Осыған сәйкес, барлығы 555 өтінім орындалып, қалған 45 өтінім жауапты салаларға жолданды, – деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің директоры Руслан Бейбітбекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<