Жаңа жылға бір ванна оливье салатын дайындаған әже елді шулатты, деп хабарлайды Politico.kz Аmic.ru -ға сілтеме жасап.
Оның видеосы желіде тарады. Ресейлік әжей Жаңа жылдың белгісі деп оливье салатын үлкен ыдысқа емес, ваннаны толтырып дайындаған.
Видеодан немересінің тым көп дайындапсыз дегеніне әжей: «Өздерің оливье сұрадыңдар ғой. Тауысып жейсіңдер» дегенін көруге болады.
Бұл ретте желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі мұны орынсыз, ысырап десе, енді бірі жаңажылдық көңіл күй сыйлаған әжеге алғысын білдірді.






