Жаңадария ауылында аудан әкімінің есепті кездесуі өтті

62

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі Жаңадария ауылдық округінен басталды.

Халықпен кездесуде аудан әкімі Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен аудан көлемінде атқарылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталып, 2026 жылға жоспарланған жобалар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы жоспарларды бірге талқылады.

Атап айтсақ, 2025 жылы №203 орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жалпы құны 7,2 млн теңгеге 32 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Жаңадария елді мекенінің Қ.Сәтбаев, Жаңадария, Достық және Мектеп көшелеріне облыстық бюджеттен 175 млн теңге бөлініп, өтпелі кезең аясында күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Бүгінде Мектеп және Достық көшелерінің асфальт төсеу, жол жиегін абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Қалған екі көше бойынша (Қ.Сәтбаев, Жаңадария) қаржыландыру мүмкіндіктері қаралуда.

Сонымен бірге, Абай көшесінің бойындағы электр бағаналарына 529 мың теңгеге түнгі жарық шамдары орнатылды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі