Жаңақорған ауданы: лагерде мыңға жуық бала жазғы демалысын өткізеді

505

0

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында Жаңақорған ауданында «Тау самалы» тынығу лагері жұмыс істейді. Қазіргі таңда онда 150 бала жазғы демалысын өткізуде.

Жалпы жаз мезгілінің соңына дейін лагерьде мыңға жуық бала қамтылады деп жоспарлануда. Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен Жаңақорған ауданындағы баспасөз турында БАҚ өкілдері аталмыш лагерьдің жұмысымен танысып, балалардың қызықты ойындарын тамашалады.

Жаңақорған ауданы: лагерде мыңға жуық бала жазғы демалысын өткізеді

– Біздің лагерь 7 ауысым бойы балаларды қабылдайтын болады. Мұнда тынығушылар үшін суға түсетін ашық бассейн, монша, кітапхана, ойын алаңқайлары, жатын орын, асхана қамтылған. Сондай-ақ, лагерьге келушілерге бес мезгіл тамақ беріледі. Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында интеллектуалдық сайыстар, әртүрлі үйірмелер, ұлттық спорттық ойындар күнделікті ұйымдастырылып отырады. Осы арқылы балалардың денсаулығы мен ойлау қабілетін дамытуды басты назарымызға қоюдамыз. Одан бөлек, аудандық мәдениет үйі, спорт бөлімімен біріккен іс-шаралар өткізіліп отырады, – деді «Тау самалы» лагерінің директоры Бағлан Момынханов.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<