Жаңақорған ауданында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

428

0

Жаңақорған ауданында жыл басынан бері 57,4 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілсе, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 36,7 млрд теңгені құрап отыр. Сондай-ақ негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 17,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артқан. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеуімбетов мәлімдеді.

– Жеке инвестициялар бойынша өсім негізінен Шалқия полиметалл кен орнын өнеркәсіптік игеру және кен байыту зауытын салу есебінен, уран өнімін өндіретін «Қазатомөнеркәсіп» мекемелері есебінен, күкірт қышқылын өндіретін «СКЗ-U» ЖШС-гі есебінен, «Санатория Жаңақорған» АҚ-ң есебінен ұлғайып отыр. Сонымен қатар, ауданда 38 млрд.теңгені құрайтын 10-ға тарта ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта іске қосылатын инвестициялық жобалар есебінен салық түсімдерін 4 млрд.теңгеге жеткізу жоспарымызда бар, – деді Мұрат Жолкелдіұлы. Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<