Жаңақорған ауданында «Абдулла» шаруа қожалығының жаңа құс фабрикасы іске қосылатын болады. Фабрика жылына 3500 тонна құс етін өндіруге арналған.
Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 1 мың гектар жер телімі бөлінді.
Жобаның құны – 5,2 млрд теңге. Жоба толық іске қосылғанда 120 жаңа жұмыс орны ашылады.
Жобаны іске асыруға «Союз Пром Птица» компаниясы тартылған. Қазіргі уақытта 12 құс қорасының 8-і, 1 құс сою цехы, 1 балапан ашатын цех, 1 әкімшілік және 1 техникалық қызмет көрсету ғимараты толық аяқталып, мұздатқыштар орналастырылған.
Қалған 4 құс қорасының құрылысы жүргізілуде, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар алынған. Сонымен қатар, қабылдау актісін алу үшін құжаттар рәсімделуде.
Бұл жоба өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, өндірістік әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.







