Жаңақорған ауданында жаңа клуб ашылды

642

0

Қызылорда облысының 85, Жаңақорған ауданының 95 жылдығы аясында Жайылма ауылдық округіндегі 150 орындық клубтың ашылу салтанаты өтті.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін қос мерекемен құттықтады.

«Ертеңін ойлаған ел алдымен мәдениетке бет бұрады. Көсемсөз зергері, жазушы Мұхтар Әуезов: «Ғылым мен мәдениет – барлық дүниенің алтын алқасы», – деген. Өңірде саланы дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Осы айдың басында «Отбасы», «Анаға тағзым» орталықтары пайдалануға берілді. Аймақта алғаш рет симфония оркестрі құрылды. «Өнер орталығының» құрылысы аяқталуға жақын. Демеуші есебінен жыл соңына дейін музыкалық колледж ғимаратының іргетасы қаланады. Келер жылы аудандарда салтанат сарайы, кітапхана, музей, архив орналасатын, жастар, ардагерлер мен аналар бас қосатын «Руханият» орталықтары салынады.

Бұл орталықтарда ұлттық құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүр насихатталады. Енді ауылдықтар осы жерге жиналып, түрлі рухани кештер, шаралар ұйымдастырады. Заманауи үлгідегі жаңа клуб сахнасынан түлеген таланттар биікке самғайтынына сенемін», – деді аймақ басшысы.

Жайылма ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрар Баймаханов бата берді.
Іс-шарада қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жаңа клуб екі қабатты, ғимарат ішінде көрермендер залы мен 22 бөлме бар.
Айта кетейік, Қала күні мерекесінде Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылында да 150 орындық клуб жұмысын бастады. Жыл соңына дейін Өзгент ауылында осындай нысан пайдалануға берілмек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<