Жаңақорған: Облыс әкімінің орынбасары құрылыс нысандарын аралады

123

0

Фото: Жаңақорған ауданы әкімдігі

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов және облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиев Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Мажит Самитовпен бірге құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады.

Алдымен Төменарық ауылдық округіндегі 15 төсектік аурухана мен амбулаторияның құрылыс алаңына барды. Мердігер мекеме «Астана Сервис LTD» ЖШС жұмысты қазан айында аяқтайды деп жоспарлануда. Одан соң биыл Жаңақорған кенті, «Саяжай» мөлтек ауданында бой көтерген 600 орындық, Жаңарық ауылындағы 300 орындық «Жайлы мектеп», Ипподром мөлтек ауданындағы 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі, «Руханият» орталығы, Қыркеңсе ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория және Билібай елді мекеніндегі №255 негізгі орта мектепке жапсарлас құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған барлық әлеуметтік құрылыс нысандары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Дүйсенұлы аудан көлеміндегі құрылысы жүріп жатқан объектілер бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына, аудан әкімдігіне, мердігер мекемелердің басшыларына құрылыстарды сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау жөнінде тапсырмалар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<