Жаңақорғанда білім бөлімі басшысы мен 24 мектептің бухгалтері сотталды

398

0

Фото: uralskweek.kz

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы білім бөлімі басшысы мен 24 мектептің бухгалтері ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы аталған агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

«2024 жылғы 4 сәуірде Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сотының (7 сәуірден бастап) Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Ибрагимовке, бас бухгалтер Қ. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтеріне қатысты үкімі күшіне енді. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», – деді Данияр Бигайдаров Антикорда өткен брифингіде.

Үкімге сәйкес сотталғандар өмір бойы мемлекеттік және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылады.

«Сот үкімімен мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлеріне 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Айта кететін жайт, бухгалтерлердің біріне бала күтіміне байланысты жазасын өтеу 5 жыл кейінге қалдырылды», – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<