Жаңақорғанда Конституция күні мерекеленді

141

0

Фото: Жаңақорған ауданы

Кеше М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция – бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тəуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын маңызды құжат.

Конституцияның негізгі тірегі – халық бірлігі, қоғамдық жəне рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.

Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституция экономикалық өрлеу мен азаматтардың əл-ауқатының артуын қамтамасыз етіп келеді, – деді аудан әкімі Мажит Самитов.

Мұнан соң ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып жүрген сала қызметкерлерін марапаттады.

Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдап, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Мерекелік іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Рухты көтеретін патриоттық әндер шырқалып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл – күй сыйлады.