Жаңақорғанда тамшылатып суару әдісімен алмабақ отырғызылды

333

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемовпен бірге Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барып, «Қыраш» ауылындағы су қоймасының және «Qaratau Fruits» алмабақ шаруашылығының жұмысымен танысты. Су қоймасы да, шаруа қожалығы да аталған ауылдық округтің тау беткейінде орналасқан.

1930 жылы салынған қойманың сыйымдылығы – 2,5 млн текше метр, су көлемі – 2,4 млн текше метр, жағдайы қанағаттанарлық.

Жаңақорғанда тамшылатып суару әдісімен алмабақ отырғызылды

Облыста 7 су қоймасы бар, олардың жобалық көлемі – 7,9 млн текше метр.

Алмабақ жобасының құны – 1,6 млрд теңге, 120 гектар жер қоршалып, оның 50 гектарына 65 мың түп алма ағашы классикалық әдіспен егілген. Тағы 30 гектарына 75 мың түп алма ағашы интенсивті әдіспен егілген және тамшылатып суарылады.

Жаңақорғанда тамшылатып суару әдісімен алмабақ отырғызылды

Оған қажетті 250 кВ трансформатор орнатылып, 6,5 шақырымнан электр желісі тартылған. Алмабақта тереңдігі 60 және 30 метр болатын 2 ұңғыма қазылған. Сағатына 50 текше метр су өлшемі 100х100, тереңдігі 4,5 метр биомембранамен жабдықталған бассейнге толтырылып, алма ағаштарына тамшылату арқылы беріледі.

Қазір мұнда 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биыл гектарынан 50 тоннадан өнім алу күтілуде.

Жаңақорғанда тамшылатып суару әдісімен алмабақ отырғызылды

«Қыраш» ауылының төменгі жағынан, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің бойынан 3400 тонна жеміс-жидек, 1600 тонна көкөніс, жалпы 5000 тонналық өнім сақтау қоймасын салу 2024-2025 жылдарға жоспарлануда. Жоба құны – 2,5 млрд теңге.

Аймақ басшысы кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, шаруашылық ұжымымен әңгімелесті. Кәсіп иесі «Қыраш» ауылы мен бақ аралығындағы 8 шақырым жолды салу жөнінде өтініш білдірді. Нұрлыбек Машбекұлы жолға бюджеттен ақша бөлініп, қиыршық тас төселетінін жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<