Жаңақұрылыс және Құланды ауылдық округтерінің әкімі сайланды

280

0

2023 жылғы 4 маусымда өткен Арал ауданының Жаңақұрылыс және Құланды ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.

Құрылған сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 675 адам енгізілген, оның ішінде Жаңақұрылыс сайлау округінде 408 адам, Құланды сайлау округінде 267 адам.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 584 адам, оның ішінде Жаңақұрылыс сайлау округінде 324 адам, Құланды сайлау округінде 260 адам.

Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 17 адам, оның ішінде Жаңақұрылыс сайлау округінде – 13, Құланды сайлау округінде – 4. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 9, оның 9-ы Жаңақұрылыс сайлау округінде.

Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 7 адам ұсынылып, 7-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді, оның ішінде Жаңақұрлыс сайлау округі бойынша – 4, Құланды сайлау округі бойынша – 3.

Дауыс беру қорытындысымен Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі болып Елшекенов Елнур Бекназарович сайланды.

1996 жылы туған, ұлты қазақ, «Қожағұл Ата» шаруа қожалығының төрағасы, Жаңақұрылыс ауылдық округінде тұрады. Өзі-өзін ұсынған.

Құланды сайлау округінде дауыс беру қорытындысымен ауылдық округ әкімі болып Ғабиболатов Сұлтанбек Ғабиболатұлы сайланды.

1984 жылы туған, ұлты қазақ, Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы, Арал қаласында тұрады, «АMANAT» партиясының мүшесі, өзі-өзін ұсынған.

Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Арал аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<