Жаңбыр, қар, көктайғақ – Қазгидрометтің 2 қарашаға жасаған күн райы болжамы

426

0

Фото: Кazinform

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 2 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады деп болжануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<