Синоптиктер 2 маусымда Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады деп күтіледі.
«ҚР аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз шығыс өңірде де қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Еліміздің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы, солтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болады деп күтіледі», – делінген хабарламада.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Түркістан өңірінің орталығында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<