Жансейіт Түймебаев 1958 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, филология ғылымының кандидаты, профессор. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген.
1980-1993 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент.
1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы.
1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы, 1999-2006 жылдары – ҚР Президенті протоколының жетекшісі.
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.
2007-2010 жылдары Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2010-2016 жылдары Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарды.
2016 жылғы 6 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Өткен жылы 20 маусымда қайта құрылған Түркістан облысына әкім болып тағайындалды.
Дереккөз: aikyn.kz





