Жантүршігер жайт: Оралда баланы суаруға арналған сорғы «жұтып қойған»

529

0

Фото: mgorod.kz / Мирамгүл Есетовадан

Оралда саяжайларды суаруға арналған сорғы баланы «жұтып қойған». Салдарынан ол жан тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 4 шілдеде Дерқұл ауылында болған. 12 жастағы Аман Сейфолла немере бауырымен бірге Дерқұл өзеніне шомылуға барған. Қайғыдан қан жұтқан әйел Мирамгүл Есетова ұлын сол кезде жібергісі келмегенін еске алды. Бірақ ол кішкентай балалармен араласып жатқанда, ересектері суға кетіп қалған.

Жағалауға жақын жерде бақшаны суаруға арналған сорғы жұмыс істеп тұрған. Оның кімге тиесілі екенін білмеймін, мүмкін саяжай тұрғындарына тиесілі шығар. Аманның сол аяғын сорғы сорып алған. Сорғы сүзгісіз жұмыс істеп тұрған екен, оы ешкім қадағаламаған. Құрылғыны қосып, кетіп қалған. Куәгерлер баланы құтқара алмады. Адамдар да оны өздігінен судан шығара алмаған. Ер адамдар баланың басын ұстап тұрған, бірақ тым кеш болды. Кейін құтқарушылар келіп, құбырды кесіп, Аманды құбырмен бірге судан шығарып алды. Жедел жәрдем оған көмектесуге тырысты, бірақ оның пайдасы болмады. Ұлым су жұтып қойған, аузынан көбік шығып жатты, аяғы көгеріп кеткен, – деп есіне алды марқұмның анасы.

Ол болған оқиға туралы туысынан естіген. Әйел бірден оқиға орнына барған, алайда оны суға жақындатпаған. Осылайша ол жағалауда 1 сағаттай тұрған.

Сорғы мүлдем қоршалмаған, жағаға жақын орнатылған және кез келген адам ұлымның орнында болуы мүмкін. Енді бәрі баламның өзі кінәлі деп шығарғысы келеді. Мұндай қайғы-қасірет тағы біреудың басына келгенін қаламаймын. Кінәлілерді тауып, жазалауды талап етемін, – дейді Мирамгүл Есетова.

Әйел полицияға арыз жазуға ниетті. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері бала шомылуға болмайтын жерде ойнағанын мәлімдеді.

Полиция департаменті оқиға бойынша тергеу жүргізеді, – деді жауаптылар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<