Жануарларға диагностикалық тексеріс жүйелі жүргізілуде

543

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жыл басынан бері 1625,9 мың бас жануарға диагностикалық тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде, 10 айлық жоспардың орындалуы бойынша Қызылорда облысы республикада алдыңғы қатардан орын алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлады.

– Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2023 жылдың 1 қарашасына дейін ақпараттық жүйеде 1656,4 мың бас жануар тіркеліп, былтырғымен салыстырғанда 5,1 пайызға өсті. Сондай-ақ, биыл 463,8 мың дана құлақ жапсырмасы облысқа жеткізілді. Бұдан бөлек, аймақ басшысының қолдауымен былтыр тиісті қаражат бөлініп, ветеринар мамандарының еңбекақысы 40 пайызға көтерілді. Соның арқасында кадр тапшылығы азайып келеді. Ветеринариялық станцияларымыздың материалдық-техникалық базасы да жаңартылуда. Биыл 30 автокөлік, 23 дана термочемодан, 23 компьютер жиынтығы сатып алынды. Сондай-ақ, қазан айында аймақ басшысы ветеринариялық ұйымдарға 30 дана жаңа автокөліктің кілтін табыстады, – деді басқарма басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<