Жапония 2023 жылы коммерциялық негізде адамдарды ғарышқа ұшыра бастайды

286

0

Жапония 2023 жылы коммерциялық негізде адамдарды ғарышқа ұшыра бастайды PD AeroSpace Ltd. жапон компаниясы бірнеше мәрте пайдалануға арналған ғарыш кемесін жасап шығармақ. Пішіні ұшақ тәріздес құрылғы 2023 жылы адамдарды коммерциялық негізде ғарышқа жеткізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News басылымына сілтеме жасап.
Нагоя қаласында орналасқан компания ғарыш кемесімен 110 шақырым биіктікке дейін ұшуға мүмкіндік жасайды. Оған 6 жолаушы мен 2 ұшқыш отыра алады. Билеттің құны бір адам үшін 17 миллион иен (153 мың АҚШ доллары) болады деп болжануда. Қазіргі таңда Хекинандағы зауыттың Айти префектурасында ұшқышы жоқ сынақ аппараттын 100 шақырым биіктікке аттандыру үшін 11 жұмысшы еңбек етуде. «Біз жаңа ғарыш дәуірін ашқымыз келеді», – деді PD AeroSpace президенті Сюдзи Огава. Болашақта жолаушылар біздің планетаны ғарыштан тамашалап, 5 минутқа салмақсыздық күйіне ене алады.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<