Жарты жылда мемлекеттік бюджетке 9,2 трлн теңге түсті

529

0

Сурет ашық дереккөзден

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жарты жылдағы мемлекеттік қаржыны игеру көрсеткіштерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарты жылда мемлекеттік бюджетке 9,2 трлн теңгеден аса кіріс түсті немесе 102,3%-ке орындалды. Республикалық бюджетке 6,1 трлн теңге түсті. Жоспар 94,7%-ке орындалды, ал атқарылмаған бөлігі 343 млрд теңгені құрады», – деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, салықтар бойынша жоспардың 391 млрд теңгеге орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық есебінен болды.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы – 2023 жылдың 6 айында 296 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылғы көрсеткіштен 36%-ке немесе 128 млрд теңгеге азаюымен байланысты.

«Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кеден бажының нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 13%-ке төмендеуімен байланысты болды. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орта есеппен 17%-ке төмендеуі әсер етті», – деп түсіндірді Қаржы министрі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<