Жартыжылдық жұмыс қорытындыланды

751

0

Қызылорда облысының Полиция департаментінде жыл басынан бері атқарылған жұмыстар сараланды.
Бүгін Департамент бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы Жедел кеңес өткізіп, 2023 жылдың І жартыжылдығын қорытындылады. Жиынға департамент бастығының орынбасарлары, басқарма, қала, аудан басшылары және жеке құрам қатысты.
Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқасы өтті.
Жиында биылғы 6 айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстың қорытындылары және Президент тапсырмаларын орындау барысы қаралды.
Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмыстарының қауіп пен қатерге толы және оларға жүктелер жауапкершіліктің көп екендігін атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша құрылымдық өзгерістерді жалғастырып, «Жұртқа жақын полиция қағидатын» орнықтыру, «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын негізге ала отырып, елге қызмет жасау керек.
Президент полиция қызметін цифрландыру, заңсыз есірткі айналымымен күресті күшейту, алаяқтықпен күрес, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру қажеттігін мәлімдеді.
Міне, Президенттің төрағалығымен өткен Алқа мәжілісінде көтерілген осы және полиция қызметіне қатысты өзге де мәселелерді Департамент бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы бүгінгі жиында жеке құрамның назарына жеткізді. Мемлекет басшысымен қойылған басты талаптар мен берілген тапсырмаларға тоқталып, жіті түсіндірді. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің жүктелген жауапкершілікті арттырып, адал әрі нәтижелі жұмыс жасауларына септігін тигізері анық.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқасы ерекше форматта өтті. Жиынға департамент басшыларынан бөлек, аудан және қалалық полиция басқармаларының басшылары да қатысты. Жыл басынан атқарылған жұмыс қорытындыланып, алда атқарар жұмыстар пысықталды. Қызметте кеткен кемшіліктер сараланып, олқылықтардың орнын толтыру үшін бірқатар тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, кадрларды іріктеу жүйесінің жетілдірілуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің қалыптасуы бойынша да мәселелер жіті қаралды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу – аса маңызды міндет екендігін Мемлекет басшысы басып айтты. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыстың алдын алу, қызметкерлердің заңдылық пен тәртіпті сөзсіз сақтауы бойынша міндеттер қойылды.
Бұл ретте барлығымыз қылмыстың кез келген көрінісі бойынша алдын алу шараларын қабылдап, жедел әрекет етуіміз қажет» деді Департамент бастығы Махсудхан Нұғманұлы.
Бүгінгі таңда өңірімізде криминогендік ахуал тұрақты. Жалпы облыс көлеміндегі қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстардың алдын алу бағытында полиция қызметкерлерімен атқарылған шаралар нәтижесінде қылмыс саны азайды.
Кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары жетекшілік ететін салалары бойынша баяндама жасап, қызмет басшыларының есебі тыңдалды.
Жиында полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, оң имиджін нығайту, халықтың сенім деңгейін арттыру және полиция қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар жөнінде сөз қозғалды.
Сондай – ақ, жедел – қызметтік жұмыс талқыланып, халықпен тиімді серіктестік орнату, ішкі істер органдарының қызметінде ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды.
Полиция департаментінің бастығы жедел-қызметтік жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша Департаменттің басқарма, бөлім, бөлімшелері басшыларына құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, алаяқтық, ұрлыққа қарсы іс-қимылға, есірткі қылмысына қарсы күреске, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және т. б. мәселелерге қатысты нақты міндеттер қойды.
Сондай – ақ, Махсудхан Нұғманұлы құқықтық тәртіп деңгейін одан әрі арттыруға, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұрудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма беріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттарды жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<